Иран экономикасын 8 пайызға дамытып, инвестиция тартуды көздеуде
(last modified Tue, 14 Mar 2017 09:18:57 GMT )
Нау 14, 2017 15:18 Asia/Almaty
  • Иран экономикасын 8 пайызға дамытып, инвестиция тартуды көздеуде

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы қарсыласу экономикасы саласында маңызды қадамдар жасалып, оларға қолдау көрсету қажеттігін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде елдің экономикасын  8 пайызға арттырып, инвестиция тартуды  Ирандағы маңызды мәселе деп атап: «Иран 8 пайыздық экономикалық дамуға жетуі үшін шамамен 21,4 пайыз отандық және шетелдік инвестиция тартып, қаржыландыруды қажет етеді»,- деді. Лариджани аймақтық өзгерістер және аймақтың кейбір мемлекеттерінің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалпына келтіру мақсатындағы талпыныстары туралы: «Аймақта арнайы мақсаттармен орын алып жатқан кейбір талпыныстар мен әрекеттер нәтижеге жетпейді. Аймақ елдері бұл мәселеге қатысты қырағы болғандары жөн»,- деп қуаттады.

Иран Мәжілісінің Төрағасы Сириядағы қарсыласу майданының жуырдағы жеңістері мен АҚШ әскерилерінің ДАИШ тобымен күресті сылтауратып, сол елге кіруі туралы: «АҚШ-ның қазіргі басшылары  оларға дейінгі басшыларының аймақтағы қателіктерін қайталамауы керек»,- деп ескертті. Лариджани сөзінің жалғасында Иран мен Мысырды аймақтың ежелден келе жатқан өркениетке ие екі елі  деп атап: «Иран Мәжілісі екі елдің қарым-қатынастарын қалпына келтіретін кез келген жағдайды қолдайды»,- деп баса айтты.