Иранның Қауіпсіздік министрі: Иранда теңдессіз қауіпсіздік орнатылған
(last modified Wed, 15 Mar 2017 07:27:57 GMT )
Нау 15, 2017 13:27 Asia/Almaty
  • Иранның Қауіпсіздік министрі: Иранда теңдессіз қауіпсіздік орнатылған

ИИР-ның Қауіпсіздік министрі аймақтың кейбір мемлекеттеріндегі тынышсыздықтарға қарамастан, Иранда теңдессіз қауіпсіздіктің орнатылғанын қуаттады.

Иранның Қауіпсіздік министрі  Мұхаммад Алави сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің екінші арнасына берген сұхбатында: «Аймақтың әртүрлі елдері мен кейбір еуропалық мемлекеттер өткен жылдары лаңкестік әрекеттердің куәсі болған жағдайда, әртүрлі қауіпсіздік  және әскери органдардың ынтымақтастығының арқасында Иранда тұрақты қауіпсіздік орнатылды. Иранның Қауіпсіздік министрлігінің лаңкестік әрекеттермен күресу, лаңкестер труалы мәліметтер жинақтау және дер кезінде оларға соққы берудегі рөлі теңдессіз»,- деді. Ол сондай-ақ Иранның Қауіпсіздік министрлігінің қарсыласу экономикасындағы рөліне тоқталып: «Иран үкіметі қарсыласу экономикасы саласында елдің басқаларға тәуелділігін төмендететін қадамдар жасады. Санкциялардың күші жойылып, Иранның мұнай экспорты 2 500 000 баррельге жетіп, ел экономикасына 9 миллиард доллар шетелдік инвестиция салынды»,- деді.