ИИР имам Хомейнидің жетекшілігінің арқасында барлық қиындықтардан жеңіспен өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i25280
ИИР президенті Хасан Рухани: "Ислам Республикасы имам Хомейнидің (р) жетекшілігі мен халықтың, әсіресе шәһидтер мен ардагерлердің жанпидалығы мен қайсарлығының арқасында барлық қиындықтар мен тар жол, тайғақ кешуге төтеп беріп, жеңіске жетті",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 16, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • ИИР имам Хомейнидің жетекшілігінің арқасында барлық қиындықтардан жеңіспен өтті

ИИР президенті Хасан Рухани: "Ислам Республикасы имам Хомейнидің (р) жетекшілігі мен халықтың, әсіресе шәһидтер мен ардагерлердің жанпидалығы мен қайсарлығының арқасында барлық қиындықтар мен тар жол, тайғақ кешуге төтеп беріп, жеңіске жетті",- деді.

Президенттің ақпарат тарату агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Теһранда өткен Ислам революциясы ардагерлері отбасыларының бірімен кездесуінде осы ардагерлердің, соның ішінде жұлын жарақатына ұшыраған ардагерлердің жұбайларының күйеулерін күту арқылы үлкен жанпидалық пен ерлік көрсетіп жатқандығына сілтеме жасап: "Ардагерлер мен олардың мәртебелі отбасылары – Ислам Республикасының қасиетті жүйесінің мақтаныштары. Құдай ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р) дәрежесін асқақтатсын. Себебі, сол кісінің жетекшілігі мен халықтың үлгі тұтарлық жанпидалығы және үмбеттің имамдарының соңынан ілесудің арқасында барлық дұшпандардың алдында жеңіске жетіп, мәртебемізді көтердік",- деді.