Зариф: Американың Иранға қарсы санкциялары кері нәтижеге ие болады
Иран Сыртқы Істер Министрі Американың Иранға қарсы санкцияларының саяси және экономикалық аспектілер бойынша олар үшін толығымен теріс нәтижеге ие болатынын мәлімдеді.
Мохаммад Джавад Зариф "almayadeen телеарнасына берген сұхбатта Американың ИИР-на қарсы таңған санкцияларын әсерсіз деп атап: "Американың санкцияларының Иранға экономикалық тұрғыдан әсері болмағанымен қатар, саяси салада да әсері болған жоқ. Сол санкциялардан кейін Иран бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасында өзінің әлеуетін күшейтті" деді.
Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы сионистік режимді аймақ пен әлем үшін ең үлкен қатер деп атап: "Израиль режимі палестиналықтардың құқығын бұзушы ретінде және әлемдік ең үлкен ядролық қатер ретінде аймақтың барлық халықтарына, соның ішінде Ливан мен Палестинаға, Иордания мен Сирияға, тіпті Мысырға қарсы дұшпандық әрекеттер жасады" деді.