Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "Халықаралық қауымдастықтың әлемдегі, соның ішінде Мьянмадағы мұсылмандардың өлтірілуі мен Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатысты үнсіздігіне байланысты халықаралық ұйымдар адам құқықтарын қорғаушы ретіндегі беделінен айрылды",- деді
Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпагері аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің Иранға қарсы жөнсіз уәждеріне сілтеме жасап: "Иранның аймақтағы лаңкестікке қолдау көрсетуі туралы уәж саудиялықтардың Йеменнің мазлұм халқына қарсы екі жылдық зорлық-зомбылығы мен сол елде бала өлтіріп, қан төгіс жасап жатқан жағдайда айтылып отыр",- деді.
Аятолла Мовахеди Кермани саудиялық басшыларға қаратып: "Осындай көптеген қылмыстар, зұлымдық пен қанауды жалғастыру арқылы мемлекеттеріңді құрдымға жеткізесіңдер",- деді.
Аятолла Мовахеди Кермани кейбір батыс және араб елдерінің аймақтағы адам құқықтарын қорғау туралы уәждерін ұят нәрсе деп атап: "Өздері адам құқықтарын бұзушы болып табылатын кейбір мемлекеттер өздерін әлемде адам құқықтарын арттырушы деп атауда",- деді.
Теһран жұма намазының құтпагері жуырда Иранда өткізілетін сайлауға сілтеме жасап, бұл сайлауды Иран халқы үшін үлкен сынақ және илаһи аманат деп атап: "Иран халқы осы сайлауда лайықты үміткерге дауыс беруі керек",- деп баса айтты.