Жаһангири: Иран күніне екі миллион баррель мұнай сататын болады
Нау 10, 2016 23:32 Asia/Almaty
Иран президентінің бірінші орынбасары Иранның алдағы көктемде күніне екі миллион баррель мұнай сатуды межелеп отырғанын хабарлады.
Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири бейсенбі күні Иранның батысында Самире бөгеті мен стансасын пайдалануға беру рәсімінде сөз сөйлеп: "Иранның мұнай сатуы бір миллион баррелден бір миллион 400 мың баррелге жетті. Бұл іс алдағы көктемге дейін екі миллион баррелге ұлғаяды" деді.
Тегтер