Нау 20, 2017 14:35 Asia/Almaty
  • Джахангири Бушердегі су тасқынынан зардап шеккендерге тез арада жәрдем беруге бұйырды

ИИР вице-президенті Бушер облысының әкімімен телефон арқылы сұхбатында осы облыстағы теңіз айлағында теңіз суының көтеріліп, су тасқыны оқиғасының соңғы жағдайынан хабардар болып, апаттан зардап шеккендерге тез арада көмек көрсетуге бұйрық берді.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР вице-президенті Исхақ Джахангири кеше жексенбі күні кешке Бушер облысының әкімі Мұстафа Саларимен телефон арқылы сұхбатында апат салдарынан жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстарын жүргізу үшін осы облыстағы барлық мүмкіндіктер мен күштерді жұмылдыру қажеттігін қуаттады.

Сенбі күні жауын-шашынның күшеюі мен теңіз суының тасуы салдарынан Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысының теңіз айлағы жағалауында бес адам іс-түссіз жоғалып кетті.

Бушер облысының Дейер ауданының әкімі Хамзе Этемад: "Су тасқыны апатынан 7 адам жарақат алды. Төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсететін күштер 10 адамды суға батып кетуден құтқарып, жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда",- деді.

 

Тегтер