Революция жетекшісі мұсылман әйелінің рөлін танып-білудің маңыздылығын қуаттады
Ислам революциясының жетекшісі: "Батыстағы әйел затына тауар ретінде қарау адамзат баласы қоғамын жою мақсатындағы сионистердің астыртын әрекеттерінің бір бөлігі болуы әбден мүмкін",- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше жексенбі күні хазірет Фатима Захраның (с.ғ.с) туған күнінің жылдығында Аһле бейттің бірқатар мадақтаушылармен кездесуі кезінде Батыстағы "жыныстық әділет" пен жыныстық теңдік" секілді ұғымдардың таралуына сілтеме жасап: "Әділет – олардың Құдай берген және тәрбиленген әлеуеттерін танып-білу. Бүгінде батыстың ойшылдары мен жыныстық теңдік мәселесін көтерген адамдар осының салдарынан туындаған бұзақылық пен бейбастақтықтан өз істеріне қатты өкініп отыр",- деді.
Аятолла Хаменеи сонымен қатар, исламның ұлы бануы хазірет Фатима Захраның (с.ғ.с.) шынайы жетекші, үлгілі жұбай мен ана рөліндегі ақлақтық бейнесі мен әрекетін барша мұсылман әйелдері үшін нағыз үлгі деп атады.
Революцияның жетекшісі сөзінің жалғасында хазірет Фатима Захраны (с.ғ.с) мұсылман әйелінің толық дәлелі екенін және мұсылман әйелінің ең жоғарғы мәртебесінде, яғни жетекші деңгейінде орналасқанын айтып, мұсылман әйелінің рөлін танып-білудің маңыздылығын баса айтты.