Руханидің қатысуымен дәрі-дәрмектің 60 түрінің тұсауы кесілді
https://itolqyn.com/news/iran-i25398
ИИР Президенті дүйсенбі күні «Раззак»» фармацевтикалық компаниясының жаңа өндірістік желісін ашты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 21, 2017 18:52 Asia/Almaty
  • Руханидің қатысуымен дәрі-дәрмектің 60 түрінің тұсауы кесілді

ИИР Президенті дүйсенбі күні «Раззак»» фармацевтикалық компаниясының жаңа өндірістік желісін ашты.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл рәсімде сондай-ақ Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы фармацевтикалық компаниялардың 60 жаңа препаратының тұсауы кесілді.

Бұл жергілікті препараттар  импортталатын ұқсас дәрі-дәрмектердің орнын толық толтырса, жыл сайын импорттаушы компаниялардың сатып алу бағасы бойынша 90 миллион доллардан артық және  тұтыну бағасының негізі бойынша, 125 миллион доллардан артық қаржы  үнемделеді.

60 жаңа препаратты 16 фармацевтикалық компанияны біріктірген Иранның ірі фармацевтикалық TPICO холдингі шығарады.