Ислам революциясы жетекшісінің имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіндегі зияратшылардың алдында сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні жаңа жылдың бірінші күні түстен кейін Мешһед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінде зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде Иранның ең маңызды мәселелеріне тоқталды.
Қарсыласу экономикасын іске асыруға талпыныс жасап, елдің экономикалық факторларының мықты әрі әлсіз нүктелерін сараптау және алдағы сайлауларға жаппай қатысудың қажеттілігі мен маңыздылығы Ислам революциясының жетекшісінің имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінде сөйлеген сөзінің екі тақырыбы болды. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің көбін экономикалық мәселелер мен басты проблемаларға арнап, өндірістің қиындықтары мен ресурстарды басқару сынды екі негізгі мәселені әртүрлі тұрғыдан талқылады. Хазірет бұл салада серпінді экономиканың дамуы мен алға ілгерілеуі және өнідірістің факторларына назар аудартуымен бірге отандық өндіріске кедергі тудырып отырған мәселелерді сынап, Иранның мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды. Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде серпінді экономикаға жету жолдары анықталды.
Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде экономикалық негіздер ретінде Иранның өндіріске қажет көптеген табиғи және жерасты ресурстарға ие екендігіне, яғни бай мемлекет екенжігіне тоқталды. Иран өндіріске қажет факторларға, соның ішінде инвестиция, жұмыс күші және мұнай мен газ сынды энергетикалық көздер мен шикізаттарға ие. Кәсіби кадрлер мен жұмыс күші саласында да мәліметтер үміттендірерлік әрі серпінді экономикаға жеткізерліктей.
Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде келтірілген мәліметтер бойынша Иранда 15 жастан 40 жасқа дейінгі адамдардың саны 33 миллионнан асады. Мұның өзі өндіріске қажет үлкен байлық болып табылады. Бұл мәліметтер Иранда жоғары оқу орындарын аяқтағандардың санының 10 миллионнан артқанын және бүгінде университеттерде 5 миллионнан астам студенттің білім алып жатқанын көрсетеді. Сондықтан оларды экономиканы дамыту саласында қалай пайдалану және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету маңызды саналады.
Мүмкін, кейбіреулер Иранды осы уақытқа дейін технология мен жаңа технологиялар саласында аса дамымаған деп санайтын болар. Бірақ, дәл осы салалар бойынша соңғы жылдары жергілікті ғалымдарының ішкі мүмкіндіктері мен қабілет-дарындарына сүйеніп, ядролық ғылым және уран байытуын үш жарым пайыздан 20 пайызға байыту, емге көнбейтін ауруларды емдеуге дәрі-дәрмек шығаратын Теһран зерттеу реакторына қажет отын шығару сынды жетістіктерге қол жеткізді. Бұл үлкен жетістіктер Иранның жаңа ғылымдар саласындағы мүмкіндіктерін көрсетеді. Алайда бұл жолды өткеру оңай емес. Өткен жылдары үлкен жұмыстар іске асырылғанымен, ойдағы жағдайға жету әлі де алыс. Бұл тақырыптың маңыздылығы Иран халқы дұшпандарының мақсаттарына көңіл бөлген кезде анығырақ байқалады. Иран халқының дұшпандары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына қарамастан экономика мен экономикалық қысым сынды екі мәселеге шоғырланып, дұшпандық саясаттарын жалғастыруда. Олардың екінші мәселесі халықты революциядан алыстату, әсіресе сайлауға қатыстырмау болып табылады. Бұл мәселе Иранда алда өтетін президенттік және қалалық, ауылдық кеңестері сайлауларына назар аударып, олардың жұмыс кестесінде қайтадан қарастырылуда.
Алайда Иран халқы жылдар бойы, сондай-ақ өткен жылы 22-ші баһман шеруіне жаппай қатысып, сонымен бірге діни құндылықтарға табандылықтарын көрсетіп, имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағины» мен мухаррам рәсімдеріне қатысып, дін негіздері мен революцияның мақсаттарын қорғауда ерік-жігерлерін көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, бұл екі сала «жақсы жарқырады».