Иран Президенті: Ислам революциясы жетекшісінің сындарлы сөзі кәсіпкерлерді жігерлендірді
Иран Президенті Ислам революциясының жетекшісіне жолдаған хатында халыққа қызмет етушілер мен кәсіпкерлерді жігерлендірген жаңа жылдың бірінші күні айтылған сындарлы сөзіне алғыс айтып, жаңа жылдағы үкіметтің бірінші отырысының отандық өндірісті арттырып, жастарды жұмыспен қамту мәселесін алға ілгерілету үшін қажет жұмыстарды белгілеуге арналатынын қуаттады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сәрсенбі күнгі хатында: «Барлық органдар мен үштік биліктің үйлесімділігінің негізі бола алатын Ислам революциясы жетекшісінің сөздері үкіметтегі экономикалық мәселелерге жауап беретіндер үшін талпыныстарын арттырып, отандық өндірістің дамуын тұрақтандырып, жұмыспен қамту үдерісін жылдамдатып, жұмыс іздеп жүрген жастарды жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы үлкен қолдау болып табылады. Отандық өндірістің дамуы мен мұнайдан басқа экспорттың импорттан артуы және жұмыс орындарын ашуға себеп болған Иран үкіметінің қарсыласу экономикасы саясаттарына сенімді болуы мен құқық, мәдениет және басқару жүйесінің жаңа жылдың бірінші күніндегі Ислам революциясы жетекшісінің ақыл-кеңестеріне сай ынтымақтастығы кемшіліктіктердің орнын толтырып, жастарды жұмыспен қамтып, кірісі аз таптардың тұрмысын жақсартып, жүйенің мақтан тұтарлық істерін одан сайын жарқырата түседі»,- деді.