Дұшпандардың Иранды қоршауға алу мақсатындағы қастандықтары сәтсіздікке ұшырады
https://itolqyn.com/news/iran-i25434
ИИР Президенті сәрсенбі күні Иранның шығысындағы Оңтүстік Хорасан облысының жастары және мәдени, саяси, экономикалық, ғылыми және қоғамдық салалардағы көрнекті тұлғаларымен кездесуінде Ислам революциясы жетекшісінің нұсқаулары және халықтың қолдауымен Иранды қоршауға алу қастандықтарының сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2017 18:12 Asia/Almaty
  • Дұшпандардың Иранды қоршауға алу мақсатындағы қастандықтары сәтсіздікке ұшырады

ИИР Президенті сәрсенбі күні Иранның шығысындағы Оңтүстік Хорасан облысының жастары және мәдени, саяси, экономикалық, ғылыми және қоғамдық салалардағы көрнекті тұлғаларымен кездесуінде Ислам революциясы жетекшісінің нұсқаулары және халықтың қолдауымен Иранды қоршауға алу қастандықтарының сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өтірігімен Иранның бұрын әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп-қатер төндіруші ел ретінде танылып, сол өтірікке сүйеніп, Иран халқына қарсы қарарлардың бекітіп, көптеген санкциялардың салынғанына  тоқталып: «Бүгінде сол Қауіпсіздік кеңесі  Иранды  барлық салалар бойынша,  тіпті ядролық технология саласында да ынтымақтастық  жасауға болатын мемлекет деп қуаттап отыр»,- деп ескертті.

Рухани сондай-ақ 1396-шы жылдың Ислам революциясының жетекшісі тарапынан «Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту» деп аталуына тоқталып: «Егер Иранның абырой-беделін көргіміз келсе, жұмыспен қамту, инфрақұрылымдар дайындау мен инвестиция тарту салаларында талпыныс жасауымыз керек»,- деді.