Иран Мәжілісінің экономика істері жөніндегі комитеттер өндіріске кедергі келтіретін мәселелерді шешуге міндеттелді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ирандағы қарсыласу экономикасының мақсаттарына жету және өндіріс пен жаңа жұмыс орындарын ашуға кедергі болып отырған мәселелерді шешу үшін экономика істері жөніндегі алты комитеттің басшылары мен Иран Мәжілісінің зерттеу орталығының басшысына арнайы міндеттеме берілгені туралы хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Әли Лариджани бейсенбі күні Теһранның батысындағы Альборз облысында хижри шамси күнтізбесі бойынша 1396-шы жылдағы Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің елдің экономикасын дамыту саласындағы шараларына тоқталып: «Өнеркәсіп пен кен, энергетика, ауылшаруашылығы, су мен табиғи көздер, бюджет пен есептеулер, құрылыс комитеттері мен Мәжілістің зерттеу орталығының басшысына Ирандағы қарсыласу экономикасы және өндіріс пен жаңа жұмыс орындарын ашуға кедергі болып отырған мәселелерді зерттеп, соларды іске асыру үшін бағдарламалар ұсыну тапсырылды»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1396-шы жылдың басталуына қатысты жолдауында жаңа жылды «Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту» деп атады.