Нау 25, 2017 17:00 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның елшілері экспорттық нарықтарды тартуы керек

Иран Сыртқы істер министрі: "Иранның ішкі өндірісі экспорттық нарықтарға шығуы тиіс. Сондықтан ИИР елшілері осы салаларда белсенділік танытуға міндетті",- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф қарсыласу экономикасын іске асыру мақсатында Иранның жеке секторына белсенділік таныту қажеттігін қуаттап: "Иран СІМ-нің тікелей міндеті экономикалық салада әрекет ету үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Соңғы жылдар ішінде көршілес елдермен қарым-қатынастарды кеңейту және тереңдетумен қатар, бұл министрліктің мойнында алдағы түрлі кедергілерді жою да жатады.

Қарсыласу экономикасы кейбір тауарларды тарту және оларды экспорттауға негізделген сыртқы аспектіге ие болды. Осыған байланысты, ИИР-дың басқа мемлекеттердегі елшілері мен өкілдері осы салаларда белсенділік танытуы қажет",- деді.

Сонымен қатар Зариф шетел саяхатшыларын Иранға қызықтырудың инвестиция, жұмыспен қамту және дамуға себеп болатынын баса айтып: "Иран СІМ мен елшіліктері және өкілдіктері Иранның әуежайларында визаны шамамен 180 елге беруді жеңілдету секілді шараларымен осы салаларда маңызды рөлге ие болады",- деді.

 

Тегтер