Джазайери: АҚШ Парсы шығанағындағы кемелерін қатаң бақылауға алғаны жөн
https://itolqyn.com/news/iran-i25510-Джазайери_АҚШ_Парсы_шығанағындағы_кемелерін_қатаң_бақылауға_алғаны_жөн
ИИР Қарулы күштерінің жоғары ақпарат өкілі: "АҚШ Парсы шығанағындағы өз кемелерінің әрекеттерін бұрынғыдан қатты қадағалауы тиіс",- деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 26, 2017 15:47 Asia/Almaty
  • Джазайери: АҚШ Парсы шығанағындағы кемелерін қатаң бақылауға алғаны жөн

ИИР Қарулы күштерінің жоғары ақпарат өкілі: "АҚШ Парсы шығанағындағы өз кемелерінің әрекеттерін бұрынғыдан қатты қадағалауы тиіс",- деп қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауына сәйкес, қолбасшы, бригада генералы сейіт Масуд Джазайери: "Америкалық ақпарат көздерінің ирандық кемелердің кәсіби емес әрекеттеріне байланысты жариялағаны хабары шындыққа жанаспайды. Бұл хабарлар жалған мәлімдемелерге негізделген немесе басқа мақсаттарды көздейді.

Парсы шығанағындағы кез-келген тынышсыздыққа америкалықтар кінәлі болмақ. Сол себепті, америкалық әскерилерге өз әрекеттерін өзгерту керектігін тағы ескертеміз»,- деп қуаттады.

Бұдан бұрын Сақшылар корпусы теңіз күштерінің бірінші аймақтағы 112-ші «Зульфақар» флотилиясының қолбасшысы да бір америкалық кеменің Парсы шығанағындағы кәсіби емес әрекетіне реакция білдірген болатын.