Нау 26, 2017 20:55 Asia/Almaty
  • Иранда қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына 200 000-нан астам адам тіркелді

Иранның Ішкі істер министрі жексенбі күні сағат 11-ге дейін бүкіл Иран бойынша қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына 200 535 адамның тіркелгенін хабарлады.

Абдолреза Рахмани Фазли Теһран қаласының басқармасында болып, осы қаланың ислам кеңесі сайлауына қатысатын талапкерлердің тіркеуден өту тәсілімен танысқан соң тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: «Осы кісілерден 38960 адам қалалық кеңеске мүшелікке, 161175 адам ауылдық кеңеске мүшелікке өтуге мүдделік танытып отыр» деді.

Қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлаулары биылғы жылдың мамыр айының 19- ы күні өтеді.

 

 

 

Тегтер