Иранда қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына 200 000-нан астам адам тіркелді
https://itolqyn.com/news/iran-i25516-Иранда_қалалық_және_ауылдық_ислам_кеңестері_сайлауына_200_000_нан_астам_адам_тіркелді
Иранның Ішкі істер министрі жексенбі күні сағат 11-ге дейін бүкіл Иран бойынша қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына 200 535 адамның тіркелгенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 26, 2017 20:55 Asia/Almaty
  • Иранда қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына 200 000-нан астам адам тіркелді

Иранның Ішкі істер министрі жексенбі күні сағат 11-ге дейін бүкіл Иран бойынша қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына 200 535 адамның тіркелгенін хабарлады.

Абдолреза Рахмани Фазли Теһран қаласының басқармасында болып, осы қаланың ислам кеңесі сайлауына қатысатын талапкерлердің тіркеуден өту тәсілімен танысқан соң тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: «Осы кісілерден 38960 адам қалалық кеңеске мүшелікке, 161175 адам ауылдық кеңеске мүшелікке өтуге мүдделік танытып отыр» деді.

Қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлаулары биылғы жылдың мамыр айының 19- ы күні өтеді.