Нау 26, 2017 21:36 Asia/Almaty
  • Теһранда Жаһангиридің қатысуымен әлемдік Наурыз мейрамы өтті

Әлемдік Наурыз мейрамы Иран президентінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи, БҰҰ бюросының өкілі, UNESCO аймақтық бюросының өкілі және наурызды тойлайтын өңір елдерінің елшілері мен мәдени кеңесшілерінің қатысуымен Теһрандағы Гүлстан сарайында өтті.

ИРНА-ның хабарлауынша, елдің түрлі аймақтарының жергілікті музыкасы мен әдет- ғұрыптарын орындау және Наурызға байланысты көрмелер өткізу Наурыз әлемдік мейрамының бағдарламаларына жатады. Наурыз ісіне мүше елдердегі Наурыз көріністері, Наурызға қатысты тарихи құжаттар мен бейнелер, әлемдік мұра тізіміндегі Иранның туындылары мен Иранның қолөнері және Наурызға қатысты қуыршақ көрмелерін өткізу осы рәсімнің өзге бағдарламаларына жатады.

Президенттің орынбасары әрі Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрайымы Ахмадипур осы рәсімде: «Наурыз ирандық тамыры бар әлемдік мейрам болып табылады. Әлемдік Наурыз мейрамымен Иранның үш мың жылдық өркениетін бағалаймыз. Наурыз халықтың жадымен ұштасқан Иран халқының бай мәдениетінің маңызды көрінісі болып табылады.

Таяу Шығыс, Орталық Азия, Кавказ, Үнді түбегі және Балқан халықтары наурызды тойлайды. Осы кең байтақ жағырапия мен мейрамның адамсүйгіштікке шақыруы БҰҰ-ның Наурызға ерекше назар аударуына себеп болып отыр» деді.

 

 

Тегтер