Рухани: Иранның экономикасы нығайып келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i25530
Иран президенті Иранның өнімдерін экспорттайтын елдер санының ұлғайғанын Иран экономикасының нығайып келе жатқанының дәлелі деп атап: "Иранның экспорттайтын тауарлары мен соларды экспорттайтын елдердің саны бірдей артуы керек",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2017 14:23 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның экономикасы нығайып келеді

Иран президенті Иранның өнімдерін экспорттайтын елдер санының ұлғайғанын Иран экономикасының нығайып келе жатқанының дәлелі деп атап: "Иранның экспорттайтын тауарлары мен соларды экспорттайтын елдердің саны бірдей артуы керек",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні х.ш.ж.с.б. 1396 жылдағы үкіметтің алғашқы отырысында Иранның барлық билігін, органдар мен қарулы күштерін қарсыласу экономикасын неғұрлым жылдам жүзеге асыруға шақырып: "Ислам революциясы жетекшісі тарапынан айтылған "Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту жылы" деген ұранды тек бәріміздің бірлесіп еңбек етуіміздің арқасында ғана жүзеге асыруға болады.

Экономиканың екі таңбалы санды өсімі, инфляцияны бір таңбалы санға дейін төмендету және х.ш.ж.с.б. 1395 жылы 700 000 жұмыс орнын қалыптастыру біздің жиырма бес жыл аралығындағы теңдессіз жетістіктеріміз саналады.

Иранның сауда балансының оң сальдосы мұнай өндірісіне сүйену деңгейінің азаюы арқылы ұлғайды. Бұл мәселе Иран экономикасының бұрынғыға қарағанда тек өзіне сүйеніп, нығайып, аяғына нық тұрғанын дәлелдейді",- деді.