Иран Йеменге қарсы басқыншылықты доғаруды талап етті
Иран СІМ өз мәлімдемесінде Сауд Арабиясының ашық түрде Йеменге қарсы басқыншылық әрекеттерін жалғастыруын айыптап, бұл елдегі соғыс пен қантөгісті тез арада доғаруды талап етті.
Иран СІМ-нің Бақ дипломатиясы департаментінің хабарлауынша, Иран СІМ Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығының басталуының екінші жылдығы күні жариялаған мәлімдемесінде: "Йеменнің инфрақұрылымдарын жою, емдеу орталықтары мен білім беру ордаларын бомбалау әрекеттерін қасақана түрде жалғастыру аймақтағы мемлекеттер үшін ешқандай пайда әкелмеуімен қоса, аймақтағы тұрақсыздық пен қауіптілік жағдайының тууына соқтырады.
Йеменде биліктің болмауы қатерлі лаңкестік құбылысының пайда болуы үшін жағдай жасады. Бұл мәселе аймақ пен халықаралық қауымдастықтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы және қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
ИИР өзінің төрт бөлімнен құралған жоспарына сәйкес, неғұрлым тезірек Йемендегі соғысты доғару, бұл елге гуманитарлық көмек жіберу, әділетсіз экономикалық шектеулер мен адами блокаданың күшін жою, саяси келіссөздерді бастау және ұлттық бірлік үкіметін құруды талап етеді",- деп қуаттады.