Джаһангири: Наурыз мерекесі – ирандық, аймақтық және әлемдік ортақ мұра
https://itolqyn.com/news/iran-i25538
Иран президентінің бірінші орынбасары: "Наурыз мерекесі ирандықтардың әлемдік мәдениеттегі сындарлы және белсенді рөлінің белгісі болып табылады",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Наурыз мерекесі – ирандық, аймақтық және әлемдік ортақ мұра

Иран президентінің бірінші орынбасары: "Наурыз мерекесі ирандықтардың әлемдік мәдениеттегі сындарлы және белсенді рөлінің белгісі болып табылады",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран президентінің бірінші орыбасары Исһақ Джаһангири жексенбі күні Теһранда Наурызды тойлайтын елдердің өкілдерінің қатысуымен өткен әлемдік Наурыз мерекесі күні сөйлеген сөзінде: "Наурыз шекаралар мен қоршауларды бұзып, адамдарды бір-біріне шынайы түрде жақындастырады",- деп мәлімдеді.

Джаһангири Наурыз мейрамын ирандық, аймақтық және әлемдік  мұра деп атап: "Наурыз Иранның әлемдік мәдениетке ұсынған ортақ сыйы әрі ирандықтардың әлемдік мәдениеттегі сындарлы әрі белсенді рөлінің белгісі болып табылады.

Әлемнің кез-келген саладағы ортақ болашағын дипломатия және баршаның белсенді атсалысуы арқылы құруға болады. Осы орайда, Наурыз мерекесі белсенді дипломатияның негізгі тірегі бола алады",- деді.