Иран президенті Ресейге аттанды
https://itolqyn.com/news/iran-i25552
ИИР президенті Хасан Рухани Ресей президенті Владимир Путиннің ресми шақыруымен елінің саяси және экономикалық жоғары деңгейлі делегациясын бастап, бүгін, дүйсенбі күні Мәскеуге аттанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2017 21:36 Asia/Almaty
  • Иран президенті Ресейге аттанды

ИИР президенті Хасан Рухани Ресей президенті Владимир Путиннің ресми шақыруымен елінің саяси және экономикалық жоғары деңгейлі делегациясын бастап, бүгін, дүйсенбі күні Мәскеуге аттанды.

ИИР президенті Мәскеуге екі күндік сапары барысында Ресей басшыларымен екіжақты байланыстар мен ынтымақтастықтарды кеңейтудің келешегі, инвестиция салу және бірлескен жобаларды орындауды ілгерілету туралы сөйлеседі.

Рухани дүйсенбі күні Ресей премьер-министрі  Дмитрий Медведевпен кездесіп, Еуразия Экономикалық Одағы мен Иран арасындағы преференциалды сауда- саттық режимі туралы сұхбаттасады.

Иран мен Ресей президенттері Хасан Рухани мен Владимир Путин де ертең, сейсенбі күні Руханидің Мәскеу сапарының екінші күні кездеседі деп жоспарланған.