Иран ДАИШ-тың қоқан-лоққысына реакция білдірді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы ДАИШ лаңкестік тобының Иранға қарсы жуырдағы бейне жолдауына реакциясында: «ДАИШ Иранға қоқан-лоққы жасаса, жазаланады» деп баса айтты.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи Инстаграмдағы өзінің жеке парақшасында: «Ирактың Мосул қаласы мен Сирияның Алеппо қаласынан қашып жатқан ДАИШ лаңкестік тобы Иранда немесе елден тыс жерде Иранның мүддесіне қарсы титтей де әрекет жасайтын болса, әлемнің қай жерінде болса да, қудаланып, жазаланады.
ДАИШ лаңкестік тобына жасалатын соққы бұл топтың Мосул мен Алеппода көрген жеңілісінен әлдеқайда ауқымдырақ болады»,‑деп қуаттады.
Ирактың Мосулы мен Сирияның Алеппосындағы орталықтары құлау алдында тұрған ДАИШ лаңкестік тобы парсы тілінде бейне жолдау таратып, Иранда лаңкестік әрекеттер жасаймыз деп қоқан‑лоққы жасады.
Сауд Арабиясы, АҚШ пен Израиль Сирия мен Иракта ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсетеді.