Жұмыспен қамту жобаларын ашу – Иран үкіметі бағдарламаларының басты бағдары
ИИР президенті: «Биылғы жылдың революцияның мәртебелі жетекшісі тарапынан "Қарсыласу экономикасы, өндіріс және жұмыспен қамту жылы" деп аталуына байланысты жұмыспен қамтитын жобаларды ашу Иран үкіметі бағдарламаларының басты бағдарына қойылып отыр» деді.
Иран президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның солтүстігінде орналасқан Гилан облысына сапармен келуінде осы облысқа жасап отырған сапарының мақсаттарын баяндап, Гилан халқына берілген уәделерге шолу жасалатынын мәлімдеді.
Рухани Гиланда 17 даму жобасының ашылғанына сілтеме жасап: «Осы жобалардың ашылуымен 3600 адам жұмыспен қамтылды» деді.
Ол Анзали еркін аймағындағы «Каспиян» портында 2 айлақтың ашылғанына сілтеме жасап: «Осы екі теңіз айлағының ашылуы Анзали аймағы мен Гилан экономикасының дамуына себеп болады» деді.
Рухани сөзінің жалғасында Рашт-Астара темір жолы жобасын Гилан облысының өзге маңызды жобаларының қатарында атап: «Осы жобаның іске қосылуымен темір жол жүйесі Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббастан Мәскеуге қосылып, осы жол арқылы Үнді түбегінің тауарлары тасымалданады» деді.