Лариджани: Иран АҚШ-тың уәде бұзушылықтарына жауап береді
(last modified Sun, 02 Apr 2017 07:26:35 GMT )
Сәу 02, 2017 13:26 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран АҚШ-тың уәде бұзушылықтарына жауап береді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «ИИР АҚШ тың барлық уәде бұзушылықтарына жауап ойластырды. Осы үдеріс жалғасатын болса, Иран Вашингтонды әуре-сарсаңға салады», деп еске салды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «ИИР АҚШ- тың барлық уәде бұзушылықтарына жауап ойластырды. Осы үдеріс жалғасатын болса, Иран Вашингтонды әуре-сарсаңға салады» деді.

Әли Лариджани ядролық мәселеде ИИР‑ның айқын жолы бар екенін және бір анық қисынды ұстанатынын айтып: «Қасақана әрекеттер Иранға берілген уәделерді бұзатындардың өздеріне зиян тигізеді.

Егер америкалықтар АҚХА‑ның шарттарын сақтамаса, Иран Вашингтонға кесімді жауап беруге дайын»,‑деп қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иранның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағанын айтып: «Иран АҚШ‑тың қастандықтарына қарсы шара ойластырды, қажет болған жағдайда оларды орындайтын болады»,‑деді.

Әли Лариджани АҚШ-ның Сенат палатасының Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусына санкция салып, оны ықтималды лаңкестік топ деп тануға бағытталған жуырдағы талпыныстарына тоқталып: «АҚШ армиясы, Пентагон мен ОББ аймақ пен әлемдік деңгейде лаңкестік топтарды құрып, соларға демеушілік жасап, Таяу Шығыстың тыныштығын бұзады»,‑деді.