Амоли Лариджани: Кейбір елдердегідей ахлаққа жат оқиғалар Иранда болмайды
(last modified Mon, 03 Apr 2017 16:16:49 GMT )
Сәу 03, 2017 22:16 Asia/Almaty
  • Амоли Лариджани: Кейбір елдердегідей ахлаққа жат оқиғалар Иранда болмайды

Иранның Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани: «Сайлау өткізу күндеріндегі кейбір елдердегідей ахлаққа жат әрекеттер мен оқиғалар Иранда орын алмайды» деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Сот билігінің аға басшыларының отырысында сайлаудағы үміткерлердің жеке бастарының бейнелерін бұзушылықты үлкен қателік және ахлаққа жат әрекет деп атап: «Иран ислам республикасы мен Америка сияқты кейбір елдер арасында айырмашылық бар. Америкада ахлақтық шектен шығулық пен сайлаудағы үміткерлердің керісуі байқалды, бірақ мұндай адамгершілік пен ахлаққа жат әрекеттер Иран ислам республикасында орын алмайды, өйткені Ирандағы сайлау үміткерлерінің өлшемі ислам болып табылады» деді.

Иранның Сот билігінің төрағасы барлық үміткерлер мен олардың жақтастарын сайлауға қатысты ахлақты орындауға шақырып: «Баршаның көмегімен таза әрі Иран ислам республикасына тән сайлаулар халықтың басым көпшілігінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек» деді.