Әмири "алтылық" елдерін өз міндеттемелеріне берік болуға шақырды
https://itolqyn.com/news/iran-i25742
ИИР президентінің мәжіліс істері бойынша орынбасары Теһранның өзінің барлық халықаралық міндеттемелеріне берік екендігін қуаттап, өзге елдерді де өз міндеттемелеріне табанды болуға шақырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2017 22:33 Asia/Almaty
  • Әмири

ИИР президентінің мәжіліс істері бойынша орынбасары Теһранның өзінің барлық халықаралық міндеттемелеріне берік екендігін қуаттап, өзге елдерді де өз міндеттемелеріне табанды болуға шақырды.

ИРНА-ның дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИИР президентінің мәжіліс істері бойынша орынбасары Хосейнәли Әмири Теһранда Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьен мырзаны қабылдауда кейбір елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау жолына бөгет жасап отырғанын және осы уәде бұзушылықтың халықаралық қауымдастық үшін пайдалы еместігін баяндап: «Иран Венгрия үкіметінен халықаралық міндеттемелердің, соның ішінде "Ортақ қадам" келісімі қалпында толығымен орындалуы үшін өз ықпалын пайдалануды күтеді» деді.

Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьен де осы кездесуде кейбір араб елдері тарапынан Иран мен Ресейге қарсы салынып отырған санкция саясатына қарсылық танытып, Иран мен Венгрия қарым-қатынасының "Ортақ қадам" келісімінен кейін кеңейе түсуіне және экономика, сауда мен банк істері салаларында да ойдағыдай болуына үміт білдіріп: «Будапешт өзінің Теһранмен байланысына зор мән береді.  Екі ел байланысының ұзақ тарихы мен мәдени және саяси игі байланыстарына байланысты  Иран мен Венгрияның экономикалық және  сауда-саттық байланыстары да бұрынғыдан көбірек кеңейе түсуі керек» деді.