Рухани: Сыртқы қысымдардың алдындағы мықтылық – қарсыласу экономикасының мақсаттарының бірі
ИИР президенті сыртқы қысымдар алдындағы мықтылықты қарсыласу экономикасының мақсаттарының бірі деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні жүйе басшылары мен органдардың төрағаларын қабылдауда өндірісті жұмыспен қамту және экономиканың өсуінің кіріспесі деп атап: «Жұмыспен қамтушы қарқынды өндірістің арқасында Иран елі ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің 1396- шы жыл үшін айқындаған өндіріс және жұмыспен қамту саласындағы екі мақсатқа да жете алады.
Иранда жұмыспен қамту үшін талпыныс жасау діни, ұлттық және революциялық міндет болып табылады. Үкімет 1396 жылы 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды мақсат тұтуы керек» деді.
ИИР президенті сондай-ақ "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасына сілтеме жасап: «Иранның "Ортақ қадам" келісміндегі мақсаты зұлымдықпен таңылған санкциялар алқасын үзу болды. Осы мақсат жүзеге асты» деді.
Рухани Ирандағы маңызды екі сайлауға да сілтеме жасап: «Сайлаулар – республикашылдық пен демократияның кілті әрі заңдылықтың негіздемесіне жатады» деді.
Ирандағы он екінші президенттік сайлау мен қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлаулары 2017 жылы 19 мамырда өтеді.