Иранға Пәкістаннан тауар тиеген алғашқы транзиттік пойыз келді
https://itolqyn.com/news/iran-i25778
Сейсенбі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Заһедан қаласына Пәкістаннан транзиттік тауар тиеген алғашқы пойыз келді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 05, 2017 08:39 Asia/Almaty
  • Иранға Пәкістаннан тауар тиеген алғашқы транзиттік пойыз келді

Сейсенбі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Заһедан қаласына Пәкістаннан транзиттік тауар тиеген алғашқы пойыз келді.

Систан мен Бәлучистан облысы әкімшілігінің қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп істер бойынша орынбасары Әли Асғар Миршекари осы пойыздың Заһеданға кіруі рәсімінде Иран мен Пәкістан байланысының ұзақ тарихына сілтеме жасап: «Өткен екі жылда Иран мен Пәкістанның ресми шекарасы ұлғайып, бірден үшке жетті. Иран мен Пәкістанның келісімі бойынша екі елдің сауда байланыстарының деңгейі жылына 500 миллион доллардан 5 миллиард долларға жетеді» деді.

Систан мен Балучистан облысы әкімінің орынбасары Ресейдің Пәкістан үшін аса тиімді нарық екендігін айтып: «Иран Пәкістан үшін өз өнімдерін 20 күннің ішінде Мәскеуге жеткізу үшін қолайлы транзиттік бағыт болып табылады» деді.

Систан мен Балучистан облысындағы Пәкістанның бас консулы Мұхаммад Рафи де осы рәсімде: «Бүгін Пәкістан-Қазақстан тұңғыш жүк пойызының келуімен екі елдің байланысын нығайтып, сақтау үшін алғашқы қадам жасалды. Келешекте де Пәкістан тауарларын тасымалдау үшін көбірек маршруттарды, әсіресе Иранның теңіз жолдарын пайдалануға болады» деді.

 

Осы жүк пойызын пайдалануға берудің нәтижесінде жылына бір миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімдері Қазақстанға тасымалданады.