Лариджани: Белсенді экономика Иран халқының аймақтағы мәртебесін күшейтеді
(last modified Wed, 05 Apr 2017 02:51:58 GMT )
Сәу 05, 2017 08:51 Asia/Almaty
  • Лариджани: Белсенді экономика Иран халқының аймақтағы мәртебесін күшейтеді

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы 1396 жылдың Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі тарапынан "Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту" жылы деп аталуына сілтеме жасап: «Белсенді экономика Иран халқының аймақтағы мәртебесін бұрынғыдан бетер күшейте түседі.

Бүгінде Иранның тәуелсіздігіне саяси, мәдени және қауіпсіздік тұрғыдан кепілдік беретін әрі Иран халқының аймақтағы мәртебесін бұрынғыдан көбірек күшейтетін нәрсе байлықтың кепілі болып,  ұлттық өндіріс пен экспортқа негізделген белсенді экономика болып табылады.  

Ұлттық өндіріске шынайы ден қою, контрабанданың алдын алу және жастарды жұмыспен қамту экономика саласындағы шынайы қажеттілік болуымен қоса, Иранның саяси, қауіпсіздік және мәдени саласындағы шешуші фактор болып табылады» деді.