Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылады
(last modified Wed, 05 Apr 2017 16:36:00 GMT )
Сәу 05, 2017 22:36 Asia/Almaty
  • Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылады

Иран Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы мен Венгрия премьер-министрі орынбасарының алдағы кездесуінде Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылатынын хабарлады.

Иран Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Беһруз Камалванди сәрсенбі күні ИРНА- ға берген сұхбатында: «8 сәуір, сенбі күні Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехидің Теһранда Венгрия премьер-министрінің  орынбасары Жолт Шемьен мырзамен кездесуде Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылады» деді.

Венгрия премьер-министрінің  орынбасары Жолт Шемьен сейсенбі күні Исфахан облысының әкімі Рәсул Зәргарпурмен кездесуде ядролық энергия саласында Иранмен ынтымақтастықтарды ұлғайту келісімшартына қол қойылғанын хабарлаған болатын.