63 жылдан кейін Иранның экспорты импортынан артты
https://itolqyn.com/news/iran-i25848
ИИР президенті Рухани: «Өткен жылғы статистикалық мәлімет бойынша, Иранның экспорты импортынан артты. Бұл Ирандағы қарсыласу экономикасының бір жетістігі ретінде 63 жылдан кейін орын алды» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 07, 2017 08:37 Asia/Almaty
  • 63 жылдан кейін Иранның экспорты импортынан артты

ИИР президенті Рухани: «Өткен жылғы статистикалық мәлімет бойынша, Иранның экспорты импортынан артты. Бұл Ирандағы қарсыласу экономикасының бір жетістігі ретінде 63 жылдан кейін орын алды» деді.

Иран президенті Хасан Рухани Семнан облысында 18 даму жобасын ашу және жүзеге асыруды бастау рәсімінде: «Жарияланған статистикалық мәліметтер бойынша Иранның мұнайдан тыс  тауар экспорты өткен жылдың наурыз айында 43 миллиард 600 миллион долларды құрады. Бұл экспорттың импорттан 300 миллион доллар ұлғайғанын көрсетеді. Биылғы жылы "Қарсыласу экономикасы; өндіріс және жұмыспен қамту" ұранымен Иранда 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделуі керек» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы бейсенбі күні тікелей байланыс және бейнеконференция арқылы Семнан облысының 18 экономикалық және даму жобасын ашуға жарлық шығарды. Осы жобалар жол мен қала құрылысы, экономика мен қаржы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және жәрдем беру мен құтқару бөлімдеріне қатысты болып табылады.