Лариджани Ресейдегі лаңкестік әрекетті айыптады
(last modified Fri, 07 Apr 2017 10:45:22 GMT )
Сәу 07, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • Лариджани Ресейдегі лаңкестік әрекетті айыптады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ресей Думасы мен Федерация кеңесіне жіберген жеке жолдауларында Санкт-Петербург қаласының метросындағы лаңкестік әрекетті айыптады.

Әли Лариджан бейсенбі күні Дума басшысы Вячеслав Володин мен Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенкоға жіберген жеке жолдауларында Ресей халқы мен үкіметіне  және Санкт-Петербург қаласының метросында орын алған лаңкестік жарылыста құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып: «Лаңкестік халықтардың келешегін нысанаға алып отыр»,- деді.

Иран Мәжілісінің Төрағасы лаңкестіктің барлық елдер үшін қоқан-лоққы екендігіне тоқталып: «Лаңкестікке қарсы шынайы күрес жігер мен әлемдік ынтымақтастықты қажет етеді»,- деді. 

Өткен дүйсенбі күні Санкт-Петербург қаласының метросында орын алған лаңкестік жарылыс салдарынан 14 адам қаза болып, 60 адам жарақат алды.