Ирандағы қауіпсіздік пен тыныштық – ұлттық бірлік пен сенімнің нәтижесі
https://itolqyn.com/news/iran-i25866
ИИР Президенті Рухани өз елінің қауіпсіздігі мен тыныштығы және тұрақтылық жағдайы туралы баяндап, келешектен үміт күту тұрғысынан Иранды әлемнің үлгілі мемлекеттерінің бірі деп атап: «Алайда, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Иран халқы мен қарулы және қауіпсіздік күштері құрбан болды»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 07, 2017 16:54 Asia/Almaty
  • Ирандағы қауіпсіздік пен тыныштық – ұлттық бірлік пен сенімнің нәтижесі

ИИР Президенті Рухани өз елінің қауіпсіздігі мен тыныштығы және тұрақтылық жағдайы туралы баяндап, келешектен үміт күту тұрғысынан Иранды әлемнің үлгілі мемлекеттерінің бірі деп атап: «Алайда, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Иран халқы мен қарулы және қауіпсіздік күштері құрбан болды»,- деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Теһранның шығысындағы Семнан облысының жастары және көрнекті тұлғаларымен өткізген отырысында Ирандағы қауіпсіздік пен тыныштықты ұлттық бірлік және халықтың сенімі мен келешектен  үміт күтуінің нәтижесі деп атап: «Иран халқы талпыныс, бірлік пен біртұтастық аясында және Ислам революциясы жетекшісінің ақыл-кеңестерін пайдаланып, қиындықтардан өтіп, елдің даму жолын жалғастыра алатынын көрсетті»,- деп қуаттады.

ИИР Президенті сонымен бірге бұл елде өтетін президенттік және жергілікті кеңестердің сайлауларына тоқталып: «Сайлау – Иранның ислам жүйесінің күш-қуатының қайнары»,- деп баса айтты.