Ислам революциясының жетекшісі: шәһид сейіт Мұхаммад Бақер Садр – сирек кездесетін тұлға
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2016 жылдың тамыз айының 15 күні шиіттік діни заңгер, ойшыл шәһид сейіт Мұхаммад Бақер Садр атындағы мамандандырылған зерттеу институтының мүшелерімен кездесті. Хазіреттің кездесуде сөйлеген сөзі осы сенбі күні жаияланды. Бұл мәтінде хазірет аятолла Хаменеи шәһид Садрды дарынды әрі сирек кездесетін тұлға деп атады.
1980 жылы 8 сәуірде Ирактың Баас режимі аятолла сейіт Мұхаммад Бақер Садр мен оның қарындасын азаптап өлтірді.
Хазірет аятолла Хаменеи осы кездесуде діни оқу орындарында дарынды адамдардың көптігін, алайда шәһид Садрдың данышпан болғанын айтып: «Шәһид Садр атқарған іс діни оқу орындарындағы діни заңгерлер, ғалымдар мен ойшылдардың көбінің қолынан келмейтін. Өйткені ол көзқарас көкжиегі кең, исламның материалдық қажеттіліктері жөнінде түсінігі мол адам болған. Ол кісі талап-тілектерге жылдам жауап беруге дайын болды. Шәһид Садр Ирактың Наджаф қаласында имам Хомейнидің (р.) үйі және ұйымымен аса байланыста болмаған. Алайда революция басталып, имам Иранға қайтып оралған кезде шәһид Садр өзінің шәкірттеріне «Имам Хомейни (р.) исламға сіңгендей, сендер де ол хазіретке сіңіп кетіңдер» деген»,-деді.