Ұлттық ядролық технология күні – халықтың өз-өзіне сенімінің символы
(last modified Sun, 09 Apr 2017 11:09:22 GMT )
Сәу 09, 2017 17:09 Asia/Almaty
  • Ұлттық ядролық технология күні – халықтың өз-өзіне сенімінің символы

20 фарвардин Иранның атом саласындағы ғалымдарының мақтан тұтарлық талпыныстары мен ядролық отын өндіру циклін толықтырғанына алғыс айту мақсатында Ұлттық ядролық технология күні деп аталған.

Ядро ғылымы ерекше ғылым мен технологиялар қатарына жатады. Мұндай ғылымға ие болу көптеген елдер үшін арман болып келеді. Бұл арман бір әлемдік қорқынышпен астасып жатыр.  Алайда мұндай пессимистік көзқарас неліктен пайда болды? Қандай оқиғалар атом қуатына қатысты қорқынышқа толы көзқарастың қалыптасуына себеп болды? Осы алаңдаушылықтың тамырын анықтау аса қиын емес.  Ядролық қаруларды қолданушы жалғыз ел ретіндегі АҚШ соғыста жеңіске жету үшін Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастаған шақта осы алаңдаушылықтың алғашқы негізі пайда болды.

Содан кейін де әлемдік алпауыттар ядролық қаруларға ие болуды өздерінің қауіпсіздік қалқаны ретінде сақтап қалды. Ядролық оқтұмсықтың саны жөнінде бәсекелесу мен үрей тудыруға қатысты саудаласу ядролық мәселедегі қалыпты диалогқа айналды. Сондықтан осы технологияға көзқарас әрдайым үрей және алаңдаушылықпен қатар жүрді. Бұл ғылымға ие болудың ядролық қаруларға қолжетімдікке себеп болатынынан қорқу әлемді әбігерге салды. Өздері осындай қаруға ие бола отырып, кейбір елдер ядролық қарулардың таралуының алдын алу үшін NPT хаттамасына қол қойды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі кезең-кезеңмен осы қаруларды азайтып, оларды жоюға қарай қозғалуға келісті, бірақ бұл іс орындалмады. Қазіргі  21 ғасырда ядролық қарулардың таралу қатерінің  күннен күнге артуына және бүлдіргі бәсекеге куә болып отырмыз.  АҚШ, Ұлыбритания, Франция және ядролық қаруларға ие басқалар, соның ішінде сионистік режим тарапынан ядролық қаруларды тарату бағдарламасы жария түрде орындалып жатыр. Бұл бір халықаралық келісімге немқұрайлықпен  қарауды білдіреді. Соның салдарынан атом бомбасынан қорқу одан ары таралып жатыр.  

Осы үдеріс NPT хаттамасына берік елдердің атом қуатын пайдалануда түйткілдерге ұшырауына себеп болып отыр. Иран әлемге өзінің ядролық бағдарламасының осы қуатты бейбіт түрде пайдалану екенін жариялған кезде бүлдіргі әрекеттер мен жалған айыптар тағу басталып, әртүрлі санкцияларға ұшырады. Осы тежеуші кедергілерден өтудің оңай шаруа болмағаны анық. Алайда қоқан-лоққылар, террорлар  мен санкцияларға қарамастан Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасы бойынша ілгерілеуі тоқтатылмады. Иран халқының дұшпандары Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын қауіп деп көрсетуге талпыныс жасады. Олардың мақсаты Иранның ядролық нысандарын толығымен жою болды. Иран халқының табандылығы осы талпыныстарды әсерсіз қалдырып, ақырында Иранның ядролық құқығының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында ресми түрде толық танылуына себеп болды.

Бүгінде ИИР-ның атауы осы ғылымға ие елдердің қатарында тіркелді. Иран халықаралық деңгейде ядролық синтез және ядролық әріптестіктер сияқты ірі ядролық жобаларға енді. Осы мақтан тұтарлық қозғалыстың жалғасында Ислам революциясы жетекшісінің атом бомбасы мен жаппай қырып-жою қаруларын өндіру, дамыту мен пайдаланудың харам екендігін айтқан маңызды пәтуасы дұшпандардың көптеген сұрқия жобаларын залалсыздандырып, әлемдік деңгейде жаңа көкжиек ашқан пәтуа болды.