Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "Халықтың әрдайым сахнада болуы және ИИР-ның қарулы күштерінің әскери айбыны дұшпандардың Иран жеріне шабуыл жасауға деген батылын жойды" деді.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Имами Кашани әлемдік алпауыт елдердің Иранның зымырандарды сынақтан өткізуіне қатысты алаңдаушылықтарына тоқталып: "Қарулы күштер, соның ішінде, теңіз күштері ИИР-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еш нәрседен аянып қалмайды" деп қуаттады.
Теһран жұма намазының құтпагері ИИР-ның жүйесін әлемнің барлық елдері үшін үлгі деп атап: "Көптеген елдер өз халқы немесе басқа елдерді езу мен қанауды көздейді. Бірақ Иранның исламдық үкіметі тек өз халқының құқығы мен мүдделерін қамтамасыз етуді мақсат етеді" деді.
Теһранның жұма намазының имамы ИИР-ның ешбір елге қауіп-қатер төндірмейтінін қуаттап: "Әлем Иран халқының бейбітсүйгіш екенін және ешбір елге басқыншылық жасауды көздемейтінін түсінді" деді.
Теһран жұма намазының құтпагері аймақтық өзгерістер мен кейбір Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыстарға тоқталып, ИИР-ның әрдайым аймақтық мәселелер мен алауыздықтарды саяси келіссөздер арқылы шешуді қалайтынын айтты.