Рухани: Ядролық технология – Ираның қажеттілігі
ИИР президенті: «Ядролық технология Иран үшін қажеттілік. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің осы технологияны жалғастыруды қуаттауы дұрыс шешім болып табылады» деді.
Хасан Рухани Теһранда Иранның ядролық технология ұлттық күні рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Еліміздің дипломаттары "Ядролық энергия – біздің даусыз хақымыз" деген ұранды халықаралық ұйымдарда бекітті» деді.
Рухани өткен бір жылда 42 ядролық жобаның іске асырылуын жиһадтық және революциялық басқарушылықтың нәтижесі деп бағалап: «Ғылыми, революциялық, жиһадтық және бәсидждік басқарушылықпен ядролық энергия Иран халқы тұрмысының түрлі бөлімдерінде пайда болды.
Әлемдегі кейбір елдер 2003 жылы түрлі сылтаулармен ядролық технологияны Ираннан тартып алуды мақсат етті. Әлемдік алпауыттарға қарсы тұру арқылы Иранның ядролық ісі осы жылы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесінен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне апарылмады. Бұл Иран халқының Американың алдындағы тұңғыш жеңісі болды» деді.
Иранның Атқарушы билігінің төрағасы сондай-ақ Американың Сирияға жасаған шабуылын сынап: «Екіұшты стандарт пен заңсыздыққа ие әлемде АҚШ БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатынсыз Таяу Шығыстың шиеліністі аймағындағы бір тәуелсіз елге шабуыл жасады.
Американы Сирияға шабуыл жасауға аймақтағы кейбір елдер ынталандырды. АҚШ-тың Сирияға шабуылын қолдаған аймақтағы елдер оларға да кезектің жететінін білуі керек» деді.
Иран президенті Ирандағы президенттік, қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауларына (2017 жыл, 19 мамыр) сілтеме жасап: «Ирандағы сайлаулар Америкадағы сайлаулардай емес. Иран халқы ұлттық бірлігі және тұтастығымен сайлауларда елдің құдыретін әлемге паш етеді» еді.