Халықаралық Амнистия ұйымы Анкара мен Еуропа одағының босқындар туралы келісіміне реакция білдірді
(last modified Sat, 12 Mar 2016 09:37:49 GMT )
Нау 12, 2016 15:37 Asia/Almaty
  • Халықаралық Амнистия ұйымы Анкара мен Еуропа одағының босқындар туралы келісіміне реакция білдірді

Халықаралық Амнистия ұйымы Анкара мен Еуропа одағының босқындар туралы келісімін айыптады.

Press TV-дің хабарлауы бойынша, Халықаралық Амнистия ұйымы жұма күні Анкара мен Еуропа одағының босқындарды Грекия жағалауынан Турцияға қайтару туралы келісімінің жобасын жөнсіз деп атап, бұл әрекетті қисынсыз деп сипаттады.

Халықаралық Амнистия ұйымы логистикалық шығындарды назарға ала отырып, босқындарды Грекия жағалауынан Түркияға қайтаруды және оларды қайтадан Еуропа елдеріне жөнелту әрекетін негізсіз деп атады.

Халықаралық Амнистия ұйымы Түркияның босқындар үшін қауіпсіз мекен емес екенін, себебі бұл ел үкіметінің өз азаматтарының құқықтарын құрметтемейтінін баса айтты.

Халықаралық Амнистия ұйымы сонымен қатар Еуропа одағына Түркиямен босқындар туралы саяси мәміле жасауға қатысты ескерту жасады.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хосейн бейсенбі күні пана сұрап келген сириялық босқындарды Түркияға қайтару қарастырылған Анкара мен Еуропа одағы арасындағы келісімнің жобасы негізінде босқындарды жаппай шығаруды заңсыз деп атады.