Иранның басты мәселесі – Каспий теңізі жағалауындағы елдермен қарым-қатынасты кеңейту
https://itolqyn.com/news/iran-i26008
ИИР Президенті Рухани Каспий теңізі жағалауындағы елдермен, әсіресе Ресей және Әзірбайжанмен қарым-қатынастарын кеңейтудің Иран үкіметінің басты мәселелері екенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 12, 2017 15:10 Asia/Almaty
  • Иранның басты мәселесі – Каспий теңізі жағалауындағы елдермен қарым-қатынасты кеңейту

ИИР Президенті Рухани Каспий теңізі жағалауындағы елдермен, әсіресе Ресей және Әзірбайжанмен қарым-қатынастарын кеңейтудің Иран үкіметінің басты мәселелері екенін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Хасан Рухани Мазандаран облысының орталығы Сариде 43 жобаны іске қосу рәсімінде хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395 жылы Иран мен Ресей сауда қарым-қатынастары деңгейінің оның алдындағы жылмен салыстырғанда шамамен 80 пайызға артқанына тоқталып: «Мазандаран облысындағы Амирабад портының жаңа инфрақұрылымдарының іске қосылуымен бұл қарым-қатынастар артады»,- деді.

ИИР Президенті сөзінің жалғасында Еуразия елдері арасындағы азат сауда аймағының  құрылуымен Иран мен осы елдердің арасындағы қарым-қатынастардың жақсы жаққа өзгеруін қуаттап: «Жақын арада Иран мен Еуразия елдері арасында келісімдерге қол қойылып, Иран экспорты сындарлы өзгерістердің куәсі болады»,- деді.