Сәу 12, 2017 23:01 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранда өтетін салтанатты сайлаулар дұшпандарды үмітсіздендіреді

ИИР президенті Рухани халықтың президенттік және кеңестер сайлауларына салтанатты түрде қатысуының Иранның ұлылығының ұйытқысы болып табылатындығына сілтеме жасап: "Өндіріс және жұмыспен қамту" жылында өтетін салтанатты сайлаулар достарды үміттендіріп, дұшпандардың үміттерін үзеді» деп қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Мазандеран облысының Ноушаһр қаласында жастар және көрнекті тұлғалармен өткізген отырыста алдағы сайлаудағы (2017 жыл, 19 мамыр) ең маңызды мәселені халықтың дауыс беру орындарына жаппай келуі деп атап: «Сайлау – бір күн, бірақ елдің келешегі үшін тағдыр шешуші» деді.

Иранның тарихында ұмытылмас және тағдыр шешуші күндердің көп екендігіне сілтеме жасаған Рухани: «Иран халқы исламның абыройына ұйытқы болатын істерді атқара алады» деді.

Рухани сондай-ақ Иранның ядролық өнеркәсібі туралы айтқан сөзінде: «Иран өз тарихында тұңғыш рет ядролық саудаға кірісіп, ядролық технология саласындағы өз өнімін әлемге ұсынып, көптеген алпауыт елдер Иранның оған ие болуына қарсы болған ауыр суды әлемдегі екі ірі ел – АҚШ пен Ресейге экспорттады» деді.

 

 

Тегтер