Сәу 13, 2017 14:33 Asia/Almaty
  • Иранда президенттік сайлауға 287 үміткер тіркелді

Иранның Сайлау штабының хатшысы тіркеу жүргізіліп жатқан екінші күннің соңында президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне 287 үміткердің тіркелгенін хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Сайлау штабының хатшысы Әли Пурәли Мотлақ сәрсенбі күні: «Үміткерлерді тіркеудің екінші күнінің соңында 287 үміткер тіркелді. Соның ішінде 13 әйел адам бар»,-деді.

Бұрынғы Президент Махмұд Ахмадинежад, Ахмадинежадтың бұрынғы орынбасары Хамид Бақаи, Шәһидтер мен ардагерлер істері жөніндегі қоғамның бұрынғы басшысы Масуд Зарибафан мен Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 90-шы бабы комиссиясының мүшесі Мұхаммадәли Пурәли Мұхтар екінші күні тіркелген танымал тұлғалар болды.

Президенттік сайлаудың он екінші кезеңі қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестерге сайлаудың бесінші кезеңімен бір мезгілде ордибехешт айының 29 күні (2017 жыл, 19 мамыр)  өтеді.   

 

Тегтер