Исфаһан қаласында 20 000 ауған балаға вакцина салынды
(last modified Thu, 13 Apr 2017 14:18:38 GMT )
Сәу 13, 2017 20:18 Asia/Almaty
  • Исфаһан қаласында 20 000 ауған балаға вакцина салынды

Исфаһан облысында тұратын шетелдік азаматтардың бес жастан төмен балаларына полиомиелитке қарсы вакцина салу бағдарламасының бірінші кезеңінде 20 000 ауған балаға вакцина салынды.

Иранның орталығындағы Исфаһан облысының Денсаулық сақтау орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы Реза Фадаи бұл жөнінде: «Жыл сайын Иранның Денсаулық министрлігі тарапынан барлық облыстарда көктем мезгілінде шетелдік азаматтардың балаларына полиомиелитке қарсы вакцина екі кезеңде егіледі. Ауғанстан мен Пәкістан – балалар полиомиелитінен зардап шегіп жатқан жатқан елдер. Сол себепті Иранда тұратын осы екі елдің азаматтарының қауіпсіздіктерін арттыру мақсатында вакцинация салу бағдарламасы жүзеге асырылады» деді.

ИИР шетелдік босқындарға, әсіресе ауғанстандық мигранттарға денсаулық және емдеу саласында қызмет көрсетумен қатар, Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің қатты тапсыруы шеңберінде Иранда тұратын ауғандарға тегін білім береді.