Иран Сыртқы Істер Министрінің Мәскеу сапарының мақсаты жарияланды
Сәу 13, 2017 20:50 Asia/Almaty
ИИР-ның Ресейдегі елшісі Меһди Санаи Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифтің Мәскеу сапарының маңызды мақсатын Иран, Ресей және Сирия елдері СІМ-нің Сириядағы қауіпсіздік саласындағы соңғы өзгерістерді қарастыру үшін үшжақты отырысына қатысу деп атады.
Иранның Мәскеудегі елшісі Меһди Санаи Иран СІМ-нің Ресей сапарына тоқталып: «Мохаммад Джавад Зариф ертең жұма күні ирандық делегацияны бастап, Мәскеуге келеді. Келген бетте Ресей СІМ Сергей Лавровпен екіжақты кездесу өтеді. Сол кездесуден кейін Иран, Ресей және Сирияның үшжақты келіссөздері басталып, сол елдегі соңғы өзгерістер қарастырылады» деді.
Бұл үшжақты кездесу Америка Сирияның Хомс облысындағы әуе базасына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін өтеді. ИИР мен Ресей Сирияда лаңкестікпен күресте маңызды рөлге ие.
Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибтағы Хан-Шейхун аймағында химиялық қару қолданылу тақырыбы Сириядағы дағдарысты одан арлы шиеленістіре түсті. Батыс, әсіресе Америка Хан-Шейхун аймағын сылтауратып, өзінің мақсаттарын ілгерілетуге талпыныс жасауда.
Тегтер