Зариф: Иранның саясаты мен экономикасы және ғылымы – халықтық
Иран Сыртқы істер министрі Иранның саясаты мен экономикасы және ғылымын халықтық деп атап: «Сол себепті сыртқы қысымдардың Иранға әсері жоқ» деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда биржа, банк және қамсыздандыру жөніндегі 10 көрменің ашылуы рәсімінде: «Халықтық – даусыз шындық және Иранның саяси, ғылыми, экономикалық айбынының негіздемесі болып табылады.
Дұшпан Ирактың Баас режимінің Иранға қарсы басқыншылық соғысы кезінде қорғаныстық құралға қол жеткізу үшін Иранға қарсы санкциялар салды, бірақ бүгінде ішкі мамандардың еңбегінің арқасында Иран ешкім онымен бетпе-бет келуге батылы бармайтын әлеуеттерге қол жеткізген.
Иран халқы осыдан төрт жыл бұрын дауыс беру орындарына келу арқылы экономикалық қысымдарға төзетінен, бірақ саяси қысым мен зорлық-зомбылықтардың алдында бас имейтінін әлемге дәлелдеп берді» деді