Ислам революциясының жетекшісі су тасқынына байланысты үндеу жариялады
(last modified Sun, 16 Apr 2017 08:13:05 GMT )
Сәу 16, 2017 14:13 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі су тасқынына байланысты үндеу жариялады

Иранның батысы мен солтүстік-батысындағы кейбір облыстарда болған су тасқыны салдарынан бірқатар адам қаза болған соң, Ислам революциясының жетекшісі үндеу жариялап, осы қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып: «Жауапты тұлғалардың шұғыл міндеті – зардап шеккендерге көмектесу және олардың қам-қайғысын азайту»,-деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні кешке жарияланған үндеуінде: «Шығыс және Батыс Әзірбайжан, Күрдістан мен Ардебиль облыстарында болған су тасқыны – халықтың басына түскен қайғылы оқиға. Соның салдарынан бірқатар отандастарымыз қаза болып, халықтың мүлкіне қаржылай ауыр шығын келді. 

Мен қазаға ұшырағандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, Алла Тағаладан оларға сабыр мен тыныштық, ал қаза болғандарға рақым мен кешірім тілеймін»,-деп мәлімдеді.

Мәліметтер бойынша, осы күнге дейін жұма күні болған су тасқыны салдарынан Иранның батысы мен солтүстік-батысында  35 адамның мәйіті табылды. Соңғы статистикалық мәліметте осы оқиғада із-түссіз жоғалғандардың саны 42 адам деп жарияланды.

 

Тегтер