Сәу 16, 2017 14:28 Asia/Almaty
  • Иранның президенттік сайлауына үміткер 1636 адам тіркелді

Иранның Сайлау штабының басшысы: «Бесінші күннің соңында және президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлерді тіркеуге берілген заңды уақыт аяқталғанға дейін жалпы 1636 адам үміткер ретінде тіркелді»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Сайлау штабының басшысы Әлиасқар Ахмади: «Осы үміткерлердің 137-сі әйел, 1499-ы ер адамдар. Ең жас үміткер 18 жаста, ең кәрі адам 92 жаста. 30 жасқа жетпеген үміткерлердің саны – 236, білім деңгейі бойынша 430 адамның бакалавр дипломы бар. Эксперттер кеңесі 6-8 ордибехештте (26-27 сәуірде) нәтижені жариялап, үміткерлердің тізімін Ішкі істер министрлігіне берген соң 8 ордибехештте (28 сәуірде) президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталып, 20 күнге созылады»,-деді.

Иранда президенттік сайлаудың он екінші кезеңі қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестерге сайлаудың бесінші кезеңімен бір мезгілде 2017 жылдың 19 мамырында өтеді.   

 

Тегтер