Иран мен Еуразия арасындағы азат сауданы нығайту үшін негіздер әзірленді
https://itolqyn.com/news/iran-i26170
ИИР президенті Рухани: "Оңтүстік Парстің маңызды экономикалық жобаларын дамыту және оларды пайдаланудың нәтижесінде Иран мен Еуразия аймағының бес мемлекетімен азат сауданы нығайту үшін жақсы мүмкіндік туып отыр",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 17, 2017 15:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразия арасындағы азат сауданы нығайту үшін негіздер әзірленді

ИИР президенті Рухани: "Оңтүстік Парстің маңызды экономикалық жобаларын дамыту және оларды пайдаланудың нәтижесінде Иран мен Еуразия аймағының бес мемлекетімен азат сауданы нығайту үшін жақсы мүмкіндік туып отыр",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешкіе Бушер облысының Парс Канганның екінші аймағындағы мұнай және химиялық төрт жобаның іске қосылу рәсімінде: "Оңтүстік Парста бес фазаның және төрт мұнай-химиялық жобаның іске қосылуы нәтижесінде Иранның даму бағытының ашылғаны дәлелденді",- деп мәлімдеді.

Рухани мұнай және химиялық жобалардың ирандық инженерлер мен мамандардың күшімен ашылғанын Иран халқының күш-қуатының нышаны деп атап: "Бүгінгі таңда Иранның ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерін дамытып, оларды өзінің солтүстігіндегі көршілеріне экспорттау үшін жақсы мүмкіндігі бар",- деді.

Иран президенті Иранды "солтүстік-оңтүстік" және "шығыс-батыс" дәлізіне айналатынын баса айтып: "Иран Қара теңіз бен Жерорта теңізіне жету мақсатында темір жол және автомагистральді байланыс жолын табуды көздеді. Сонымен қатар, Үнді түбегінен Ресейге қажетті тауарларды Бандар-Аббас арқылы Мәскеуге темір жол арқылы тасымалдау Иран үкіметінің келесі шараларының бірі болды",- деді.

Иран президентінің Ассалуиеге бір күндік сапары барысында Оңтүстік Парстың 17-ші, 18-ші, 19-шы, 20-шы және 21-ші фазалары іске қосылып, оның бірінші фазасы одан әрі дамытылып, Оңтүстік Парс ортақ мұнай кен орнында мұнай қабаттарының өндірісі басталып, "Тахте джамшиде Парс" атты мұнай-химиялық жобасы, "Кавиян" жобасының екінші фазасы, "Морварид" жобасындағы моноэтиленгликоль өндіру және "Энтехаб" өнеркәсіптік холдингтің полистирол өндіру бөлімдері іске қосылды.