Иранда өтетін сайлауға 20000 полиция қызметкері қатысады
Иранның полиция күштерінің арнайы бөлімшесінің қолбасшысы биылғы жылдың 19 мамыр күні өтетін сайлауды қауіпсіз жағдайда өткізу үшін арнайы бірлік күштері түрінде 20000 полиция қызметкерінің қатысатынын хабарлады.
Иранның 12-ші президенттік сайлауы қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлауымен бір мезгілде, яғни, мамыр айының 19 күні өтеді.
Иранның полиция күштерінің арнайы бірлігінің қолбасшысы Хасан Карами дүйсенбі күні: «Полиция күштері мен оның арнайы бірлігі қауіпсіз сайлау өткізу үшін қажет бағдарламаларды алдын-ала жопарлап қойды. Сайлауды өткізу үшін «Зафар» оперативті базасының күші мен мүмкіндіктері үш есе арттырылды. Бұл – жүйе мен революцияның дұшпандары үшін маңызды ескертуге ие жолдау»,- деді.