Үкімет барлық күш-қуатымен су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі
ИИР президенті Рухани: «Үкімет барлық күш- қуатымен су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге және олардың қиыншылықтарын шешуге талпыныс жасайды» деді.
Өткен бейсенбі мен жұма күндері (13- 14 сәуір) Шығыс Әзірбайжан облысының түрлі аймақтарында болған су тасқыны "Азаршахр" мен "Аджабшир" қалаларында материалдық шығынмен қоса, 42 адамның өліміне себеп болды. Осы уақытқа дейін 37 адамның мәйіті табылды.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның солтүстік-батысында орналасқан Шығыс Әзірбайжан облысына келіп, осы облыста жуықтағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көңіл айтып: «Иран үкіметі осы оқиғаның бас кезінен облыс әкімшілігі арқылы атқарылған шараларды қарастырып, аймаққа күш аттандыру арқылы мәселені қарастырып, осы облыстың халқына көмектесу үшін әрекет жасады» деп, Шығыс Әзірбайжан облысына жасаған сапарында табиғат апатынан зардап шеккен халықтың қиыншылықтарын шешуге, қайтарымсыз көмектер мен арнайы жеңілдіктер беру үшін шара қарастыратынын мәлімдеді.